Бизнес гранты – жұмысқа орналасуды өз қолыңызға алыңыз
Алматыда биыл шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларымен 33 832 жұмыс орны ашылады. 16 мыңға жуық алматылық өтеусіз гранттардың арқасында өздерінің шағын кәсіптерін ашты
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022 жылы оңтүстік астанада республикалық жобалар аясында 20 мыңға жуық жұмыс орны, жеке бастамалар – 3,3 мың, ШОБ – 33,8 мың шамасына жеткен
Кәсіп ашуға ықпал ететін шаралардың бірі – гранттар беру. Грант алу шарттарын еске түсірейік – біріншіден, business.enbek.kz бірыңғай порталында тіркелу, осыдан кейін грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту қажет. Төменде бизнес-жоспарды тапсыру және ЭСҚ кілтімен қол қою үшін қажетті процедуралар берілген
Мұны оффлайн режимінде де – халықты жұмыспен қамту орталықтарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында жасауға болады
Бұл грантты кім ала алады? - тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) және бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер
Бұл ретте өтініш беруші мына санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектер, «кандастар», өңіраралық көшіп-қонушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, көп балалы отбасының мүшесі, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адам, асыраушысынан айырылғандар, жастар
Сондай-ақ өтініш берушінің «Bastau Business» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтау мерзімі 3 жылдан аспайтын сертификаты болуы керек. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін гранттарды берудің бүкіл процесі электронды форматқа – business.enbek.kz порталына көшірілді
Грантты, атап айтқанда, қажетті инвентарларды, құрал-саймандарды, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді және т.б. сатып алуға, сондай-ақ үй-жайларды жалға алу ақысын төлеуге болады
Барлық өтініш берушілер өздерінің бизнес-жобасын аудандық/қалалық комиссия отырыстарында қорғап шығады, грант алушылар бизнес-жобаларды әзірлеуді бағалаудың нақты критерийлері негізінде анықталады
business.enbek.kz сайтының мәліметі бойынша Алматыда 2022 жылы гранттардың 4 легі болған. Бірінші (сәуір) – небәрі 10, екіншісінде (тамыз айының басы) – қазірдің өзінде – 163, үшінші ағымда – 320 алматылық өтеусіз грант иегері атанды (тамыз айының соңы), 4-ші ағында (19.09.2022 - 30.09.2022) – 805. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша порталда барлығы 1298 мемлекеттен бизнес гранттарының бақытты иелері тіркелді
