Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

«Денсаулық» бағдарламасының маңызы неде?

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Министр алдағы 4 жылда денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар: 2020 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласында қаржыландыру мен басқару жүйесін жетілдіру болып табылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің дамыған 30 елінің (ЭЫДҰ) деңгейіне сәйкес келетін азаматтардың денсаулық көрсеткіштеріне жоспарлы қол жеткізуі туралы Жарлығына сәйкес әзірленген.

0
0
391

Осы тақырып бойынша