Экс-қорғаныс министрі Бектановты қамау мерзімі ұзарды
«13 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу мерзімін бір айға 20 маусымға дейін ұзартқанын растаймын», - делінген хабарламада.
Іс әлі сотқа келмегені атап өтілді.
Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.
Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.
Фото алынды ult.kz
