Мазмұнға өту
Обложка сообщества Астана жаңалықтары

Елордада мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам субъект бақылаусыз жұмыс істеген

Астана қаласының прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді.

undefined

Сурет: мұрағат

Тексеру нәтижелері көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.

Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъект жұмыс істейді.

Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар - әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Уәкілетті органдар анықталған заң бұзушылықтарды жоюда.


Астана қаласының прокуратурасы

0
0
324

Осы тақырып бойынша

Елордада мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден... - Yvision.kz