Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Instagram-да қыздардың жүрегін жаулап алған түрік кім?

 

Әлеуметтік желілерде соңғы уақытта танымал болып жүрген қарапайым адамдардың саны күн санап артып келеді. Солардың бірі Мұстафа Мерт Коч.

Instagram желісінде: mustafamertkoc деген атпен отырады.  Соңғы ай ішінде жанкүйерлерінің саны 695 мыңға жеткен! Көліктің ішінде 15 секундтық өлеңге қосылып айтқан видеосын көрмеген адам қалмады. Бойындағы тартымдылығы мен сымбаттылығының арқасында тек Түркия елінде ғана емес, Қазақстанда да өз сүйікті жанкүйерлерін тапқан сыңайлы.

Бағы жанып режиссерлердің көзіне түскен Мұстафа сериалға түсу ұсынысын қуана қабыл алған. Ол жерде Мерт есімді жас дәрігердің рөлін сомдайды. Ендеше әр бейсенбі сайын Түркия елінің сағаты бойынша сағат 20:00-де АТВ арнасында «Yeter»  (Жетеді) сериалын жіберіп алмаңыздар!

Сонымен Мұстафа Мерт жайлы қысқаша ақпарат назарларыңызда.

- 1994 жылы 14 мамырда дүниеге келген

-Бойы 1,90

- Анкаре қаласында тұрады

-Стамбул ЖОО-на түскен. Сондықтан көп уақытын осы қалады өткізеді.

-Саясаттану мамандығы бойынша оқиды

-Түркияның құрама командасында ойнаған

-Жарақаты үшін спортты тастап кеткен

-Instagram-да атақты болып кеткен

-Содан кейін режиссерлерден ұсыныс түсе бастады

-Алғашқы кино Kolpaçino3Devre

 

2
0
2808

Осы тақырып бойынша

Instagram-да қыздардың жүрегін жаулап алған түрік кім? - Yvision.kz