Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Көкшетауда 34 мың темекі өнімін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

«Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша, 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңге болады.

ҚР КПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәлімет жария етілмейді.

0
0
271

Осы тақырып бойынша

Көкшетауда 34 мың темекі өнімін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды - Yvision.kz