Кәріс қызы инстаграмды дүр сілкіндірді!
Кәріс қыз сахнада бидің түбін түсірді. Қыздар түрік жүргізушісі Мұстафа Мерт Кочке ғашық болып жүргенде, ұлдар кәріс қызға көңілдері ауып кеткен сыңайлы. Бір-екі күннің ішінде инстаграмдағы видеоны 208 597 көрермен көрген, ал репост жасаған адамдардың санын айту тіптен мүмкін емес.

Алайда "өзіміздің қазақ қыздары мен қазақ жігіттеріне жетер ешкім жоқ қой, сірә!" деушілердің саны да аз емес. Намысымыз қайда кеткен?! Бөтен елге көзімізді сатып, сілекейімізді ағызамыз да тұрамыз. Сол видеода қызығуға тұрарлық түк те жоқ. Dubsmash арқылы түсірген 15 секундық видеолардың саны көбейіп кеткен, ал сапасы жоқ. Қысқа видеолар не бір үлгі бермегеннен кейін, не терең ой салатын дүние болмағаннан кейін соқыр тиынға да татымайды. Атақ деген бүгін бар, ертең жоқ.
Қазағым еліктеушілікке бой беріп, қызықты нәрсені жерітіп тастаудан аулақ болайық! Абай атамыз айтқандай:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
