Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Кәріз құдығынан сәбиді құтқарған жасөспірім марапатталды

Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қол сағатын салтанатты түрде табыс етті.

«Біз көрсеткен батылдығың үшін алғысымызды білдіреміз. Сен нағыз батырсың!» - деді Жаназаров.

Еске салайық, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
193

Осы тақырып бойынша