Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

«Канело» әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.

«17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз», - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Бұған дейін Головкин әлеуметтік желіде мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жекке қатысты жазба жариялаған болатын.

Фото алынды championat.com

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады - Yvision.kz