Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары: институционалдық жаңғыру жолында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа саяси бастамаларының негізгі қырлары.

  • Ұсынылған парламенттік реформа президенттік саясаттың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласын дамытады.
  • Референдум өткізу жөніндегі ұсыныс Президенттің ел болашағын айқындайтын түйінді мәселелерге қатысты тек қана келісе отырып шешім қабылдау қағидатының өзгермейтінін көрсетті.
  • Президент осымен бірнеше рет алдағы саяси жоспарларын алдын ала әрі ашық жариялады. 2022-2023 жылдардағы реформалар да, АЭС салу жөніндегі референдум да кезінде күні бұрын хабарланған болатын.

Осы тұста айрықша атап өтерлігі, әңгіме Конституцияға жедел түрде өзгерістер енгізу немесе Парламент сайлауын жариялау туралы болып отырған жоқ. Мақсат бұл емес.

Бастыәрі негізгі мақсат – саяси жүйенің институционалдық негіздерін одан әрі нығайту. Сондықтан Президент ойластырылған, бірізділікке негізделген дәйекті тәсілді құптайды. Ең алдымен сарапшылар мен көпшілік қауым арасында жан-жақтыәрі терең талқылау жүргізу қажет.

Осылайша, Қазақстан кезекті рет кезең-кезеңімен және жан-жақты жүзеге асырылатын саяси жаңғырудың үлгісін көрсетті.

0
0
100

Осы тақырып бойынша