Мазмұнға өту
Обложка сообщества Без границ

Кедергісіз өмір

Мүгедектер мен басқа да жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта – бұл, ең алдымен, мүгедектерге ортада еркін қозғалуға, жайлы өмір сүруге және қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қала құрылысына, инфрақұрылым объектілеріне және көлікке қойылатын талаптар мен жағдайлардың жиынтығы

Бүгінде жалпы саны 2 миллионнан астам халқы бар Алматыда 55 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады, оның ішінде 18,3 мыңына қозғалу қиынға соғады, олар үшін кедергісіз орта - өмірлік маңызды. Мүмкіндігі шектеулі жандардан басқа қала тұрғындарының едәуір бөлігі қол жетімді ортаны қажет етеді – қарттар, уақытша мүгедектер, арбамен жүретін жаяу жүргіншілер, балалар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында нысандардың қолжетімділігі картасын жасау мақсатында inva.gov.kz порталы жұмыс істейді, онда бейімделген әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарының төлқұжаттарының деректері енгізілді. Алматы қаласы бойынша 4055 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігі туралы ақпарат енгізілді, онда 551 нысан мүгедектер үшін толық (100%) қолжетімді, бұл 13,5% құрайды

Сондай-ақ, интерактивті картаға сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған 556 нысан, есту қабілеті бұзылған адамдар үшін 675 нысан, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін 563 нысан және мүгедектер арбасында жүретін адамдарға арналған 555 нысан жартылай қол жетімді

Бүгінде «АМАНАТ» партиялық «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір!» жобасы аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімделуін қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. 2021-2025 жылдарға бейімделуге жататын әлеуметтік объектілердің тізбесін жыл сайын қалыптастыра отырып, соған сәйкес 5 жыл ішінде 1296 нысанда толық бейімдеуді жүргізу жоспарлануда. 2021 жылы жоспарға сәйкес 256 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді. 2022 жылға 260 нысанды бейімдеу жоспарланса, оның 200 нысаны бүгінгі күнге бейімделген. Осы бағытта жұмыс жалғасуда

Партиялық жоба бойынша толық бейімдеуге жоспарланған басым объектілердің және қала жоспары бойынша аттестаттауға және бейімдеуге жататын объектілердің тізбесін жыл сайын Алматы қаласының аудан әкімдіктері қалыптастырады

Әр аудан әкімдігінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын паспорттау және бейімдеу бойынша жұмыс топтары жұмыс істейді. Жұмыс топтары нысандардың қолжетімділігін нысандарға барып тұрып, үнемі қадағалайды

Қолжетімділік мәселелерін шешу үшін қала әкімдігі қаланы дамыту бағдарламасын қабылдады, онда дамудың басым бағыттарының бірі қалада инклюзивті ортаны құру мәселесі болып табылады

2023 жылы 2030 жылға дейінгі инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігінің қалалық бағдарламасы бекітіледі. Бағдарламада қолданыстағы карталар негізінде олардың функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіре отырып және қала аудандары бойынша үнемі жаңартылып отыратын интерактивті карта, сондай-ақ бірінші кезекте назар қажет ететін аймақтарды белгілеу болады

Біріншіден, 2025 жылға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және басқа да мекемелер сияқты жиі баратын нысандар, сондай-ақ бұрын қолжетімділік картасына енгізілген нысандар

Мәселен, 2025 жылға қарай қалалық әлеуметтік нысандардың 30%-ы бейімделеді (2022 ж. – 15%, 2023 – 20%, 2024 – 25%, 2025 – 30%)

2030 жылға дейін аттестаттау театрларда, мұражайларда, кітапханаларда және басқа да мәдени нысандарда таңбалардың болуын және іс-шараларды, оның ішінде спектакльдерді, телебағдарламаларды және т.б. сурдо тіліне аударуды ескере отырып, кейіннен бейімдеу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, 2030 жылға қарай Қала объектілерінің 75% бейімделеді

Бұл жұмыстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылады, сонымен қатар облыс әкімдерінің аппараттары да жұмысқа тартылады

0
0
209

Осы тақырып бойынша