Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Әкетіп жатыр тағы ұрлап, күндерімді тіршілік «Аудио өлең, поэзия»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Александр Омельчук «Природа»

Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Әкетіп жатыр, тағы ұрлап,

Күндерімді тіршілік.

Қалайша қалам мен сақтап?

Иманымды, басып жатса пендешілік.

Мынау жаным жылайды, қайтейін,

Тіршілікті ойлап жүргенде.

Жаратқаным саған не деймін?

Кешіре гөр, саған келгенде.

Қалды ма жолда аманат,

Жағдайды ойлап жүргенде.

Ұрғанда ақырғы сағат,

Не айтамын, саған келгенде.

Жазалдым ба, көңілін біреудің,

Шақырып алға, жарыққа.

Жұбата алдым ба сенімін көңілдің,

Сілтей алдым ба жолды бақытқа.

Қиындық түссе басыма,

Тастаймын ұмытып қаламды.

Шүкіршілік етпей барыма,

Толтырам басқаға санамды.

Қорқамын Жаратқан өзіңнен,

Қаламба үлгермей кеш қалып.

Болмаса көмек сөзімнен,

Қалғаны өмірім бос болып.

2
1
1121

Осы тақырып бойынша