Мазмұнға өту
Обложка сообщества Астана жаңалықтары

Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрінің ерекше концерті Астанада

Ұлттық оркестр Астана төрінде

Ұлттық оркестр Астана төрінде

2025 жылдың 11 маусымында Астана қаласындағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі үлкен концерттік бағдарламасын ұсынады.

Бұл ерекше кеш – дәстүрлі өнер мен заманауи сахна мәдениетінің тоғысында ұлттық музыкалық мұрамызды ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени оқиға. Концертте қазақ күйлері, халық әндері мен белгілі композиторлардың шығармалары орындалады.

Ұлттық оркестр – ғасырға жуық уақыт бойы ұлттық музыка мәдениетінің дамуында айрықша рөл атқарып келе жатқан еліміздің басты шығармашылық ұжымдарының бірі. Оркестр репертуары – сан ғасырлық саз мұрамызды бүгінгі буынмен қауыштырудың жарқын көрінісі.

Бұл кеш – тыңдарман қауымға ұлттық рухты сезінуге, күй өнерінің тереңдігін ұғынуға және қазақ музыкасының ғажайып әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік береді.

0
0
119

Осы тақырып бойынша