Лондон, Дублин және Манчестер қазақстандық оркестрдің өнерін бағалады
Жамбыл атындағы Қазақ филармониясының камералық оркестрі Ұлыбритания мен Ирландияның қалалары бойынша Дублинде, Манчестерде және Лондонда концерттер өткізіп, бір апта бойы турне жасады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов оркестр мүшелеріне шетелдегі қазақстандық мәдениетті танымал ету ісіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Манчестердегі концерттен бұрын сөз сөйлеген қазақстандық дипломат Қазақстанның осы қаламен ерекше қарым-қатынаста екенін атап өтті, ол Ұлыбританиядағы алғашқы ядролық қарудан азат аймақ болды. Манчестер мен Қазақстандық Семей ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу үшін Мэрлер бейбітшілік ұйымының аясында бірге жұмыс істейді. Классикалық музыканың тыңдаушылары, соның ішінде аңызға айналған қазақ композиторларының еңбектерін тыңдағандар қазақстандық музыканттар мен классикалық қазақ шығармаларының ерекше дыбысын бағалады. Британдық саяси, экономикалық және мәдени орталардың жоғары өкілдері, сондай-ақ концерттерге қатысқан дипломатиялық корпустың мүшелері классикалық қазақ музыкасына және оркестрдің жұмысына шынайы қызығушылық танытты.
