Ұлттық ойындарымыздың пайдасы.
Қазақтың ұлттық ойындары 5 түрге бөлінеді. Олар:
1) аңға байланысты,малға байланысты,
2) түрлі заттармен ойналатын,
3) зеректікті, ептілікті
4) икемділікті қажет ететін,
5) соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

Аталмыш ойындардың қосындысы 100 ден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан . Сонымен қатар осы ойындар балалардың эстетикалық әсерін арттырып, өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген

Ата-бабамыз негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған.
