Мөлдір Әуелбекова Keshyou-дың 10 жылдық мерейтойына шақырылмады
Биыл Keshyou тобына 10 жыл толып отыр. Құттықтаймыз!

24 мамыр Алматы қаласында Республика сарайында Keshyou тобының 10 жылдық мерей тойына арналған концерт өтеді. Осыған орай продюсер Баян Есентаева конкурс ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін Keshyouдың қанша видеоклипы, өлеңдерінің аты және жылын кім бірінші болып дұрыс жауап берсе, концертке тегін билет ұтып алатын болады.

Бағым Мұхитдинқызының айтуынша, концертте топтың экс мүшелерінен Әнел Әрінова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова өнер көрсететін болады.


