Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды
Осыған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартылған еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы К.Мәсімовке, Ә.Садықұловқа, Д.Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә.Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ бұрынғы орынбасары Д.Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.
Фото алынды sputnik.kz
