Мазмұнға өту
Обложка сообщества Здоровая жизнь

Маңғыстауда «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» айлық өтеді

Аталмыш айлықты өткізудегі мақсат: туберкулез ауруының алдын-алу, диагностика, емдеудің заманауи әдістері және фтизиопульмонология қызметінің қазіргі даму үрдістері туралы мәліметтерді халыққа жеткізу болып табылады. 2022 жылға Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны: «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» деп аталады.

Елімізде соңғы жылдары туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалда оң динамикасы байқалуда. Мұны соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішінің республика бойынша орта есеппен 2,4 есеге (100 мыңға 86,6-тен 36,0-ге дейін) төмендеуі, өлім-жітім көрсеткіші 4,9 есеге (100 мыңға 8,4-дан 1,7-ге дейін) төмендегені, ал облыс бойынша орта есеппен 2,0 есеге (100 мыңға 84,9-тен 43,1-ге дейін) төмендеуі, өлім-жітім көрсеткіші 8 есеге (100 мыңға 5,6-дан 0,7-ге дейін) төмендегенін айғақтайды.

Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы аймақтың барлық медициналық ұйымдарын және барша тұрғындарды туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шарасына белсенді қатысуға шақырады.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша алғаш рет Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 1993 жылғы 24 наурызда аталып өтті, ал соңынан мереке жыл сайын атап өтілетін болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, өйткені дәл осы күні 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез қоздырғышының ашылғанын жариялады.

0
0
907
Баннер сообщества Здоровая жизнь
Маңғыстауда «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» айлық өтеді - Yvision.kz