Сенің бетің қандай?
Бала болған соң кейбір сөздің мағынасын жете түсінбейді. Сондықтан жаман сөздер де айтып жатады. Кейде айтылуын келтіре алмайды да, жақсы сөздің өзі ұят сөзге айналады.
- Біз қуырдақ жейміз кешке, - дейді папасы.
- Біз қуутақ жемейміз, біз ет жейміз, - дейді қызы.
Әрине, бұл сөзді естіп күліп жібердік.

Өткен түні маған қарап:
- Сенің бетің қандай? - деп сұрады. Ойбай, не дер екен, жаңа ғана бетіме май жағып едім (ол майды жақтырмайды) деп ойладым.
- Сенің бетің әдемі боп тұр ғой, - деді.
Мұндай комплимент естимін деп ойламаған басым, көңілім көтеріліп қалды. Інімнің қызы болса да, өз қызымдай көрем. "Мен сенің қызыңмын" деп айтатыны тағы бар.

