Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты

Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамында сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторларға (УЭО) және Қытаймен шекаралас өткізу пункттеріне тексеру жүргізген.

«9 уәкілетті экономикалық оператор және 1 уәкілетті экономикалық оператор бөлімшесіне қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша жергiлiктi кедендiк тексерулер аяқталды, қосымша өндiрiп алу сомасы (берешек, өсімпұл және өсімпұлды төлей отырып, салық сомасын ұлғайту. - еск.) 107 миллиард теңге болды. Сондай-ақ 58 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды. Үш жыл ішінде заң бұзушылықтың жалпы сомасы - 165 миллиард теңге. Сонымен қатар, комитет 398 миллиард теңгеге жалған электрон шот-фактураларды беру белгілерін анықтады. Келтірілген шығынның алдын ала сомасы 128 миллиард теңге», - делінген хабарламада.

0
0
276

Осы тақырып бойынша

МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты - Yvision.kz