Нұр-Сұлтанда екі күнге созылған өрттің себебі аталды
«Кеше сағат 18:53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05:55-те толығымен жойылды. Өрт шығуының алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану болуы мүмкін (аз калориялы от көзі). Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 20 маусымда сағат 15-03-те «101» пультіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен. Қамыс пен қураған шөп жанды. Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна).
