Нұр-Сұлтанда ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды
«Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырмай, жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз сыйақы алу, автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою дерегі бойынша автокөлік иелеріне арналған халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеуді бастады», - делінген сот хабарламасында айтылған.
Қазір қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды.
