NEET санаттры жастарды "NEXT" санатына қалай айналдыруға болады
Сонымен қатар, бүгінде қалаға еріксіз урбандалу процесі жүріп жатыр және соның салдарынан ауыл жастарының қалаға ағылуы орасан зор. Олардың басым көпшілігінде қалада сұранысқа ие мамандықтар жоқ. NEET (жұмыс істемейтін, оқымайтын) санаты осылай кеңейіп жатыр, ол бүгінде жастардың 6,3%-ын құрайды
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әртүрлі бағдарламалар мен құралдарды пайдалана отырып, азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыруда, бұл туралы біз бұрын жазған болатынбыз. Әкімдік міндеттерінің бірі – NEET санатын NEXT санатына, креативті ойлауы, жұмыс ұтқырлығы және экономикалық еркіндікке ұмтылысы бар цифрлық дәуірдің заманауи жастарына айналдыру
Осы мақсатта 2030 жылға дейін бірқатар бағдарламалар мен бастамалар жүзеге асырылатын болады:
Мәселен, 2022 жылы университеттердің мансап орталықтары, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу жүйесін құра отырып, Қалалық мансап орталығы құрылады
2022 жылдан бастап жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу, кәсіпкерлікке оқыту үшін жастарға кәсіптік бағдар беру ұйымдастырылады
«Жаңа кәсіптер атласы» бойынша колледждердің білім беру бағдарламаларын өзгерту – 2023 жылдың басынан басталады
Сәуір және қазан айларында оқу орындарының түлектерін және жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін қалалық бос орындар жәрмеңкелерін өткізу
Жылына 10 мыңнан астам жастарды жұмыспен қамту мақсатында бірқатар тетіктер іске асырылатын болады, оның ішінде:
Жоғары оқу орындары немесе колледждің әрбір екінші түлегіне бірінші алты айда 50%-ға дейін (60 мың теңгеге дейін), оқу орнын бітіргеннен кейінгі екінші алты айда 30%-ға дейін (40 мың теңгеге дейін) жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік субсидиялар
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс жобалары бойынша жұмыс орындарын құру
«Алғашқы жұмыс», «Жастар тәжірибесі» және «Ұрпақтар шарты» бағдарламалары бойынша еңбек өтілі жоқ жастар үшін жұмыс орындарын құру – жұмыс істеп тұрған зейнеткерлік жастағы қызметкерлерден жұмыс тәжірибесін алу
Әсіресе білімі жоқ NEET санатты жастарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылдан бастап сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту бағдарламасы басталады, бұл бірінші кезекте қызмет көрсету саласы, экономиканың IT секторы, сонымен қатар құрылыс секторы, жылына 10 мыңға дейін жастар жұмысқа орналасады

Алматы қаласы үшін өзекті мамандықтар деп аталатындар - мобильограф, бренд-менеджер, ландшафты дизайнер, стилист, сайт жасаушы, SMM маманы және т.б. Жұмысшы мамандарды дайындау - дәнекерлеуші, слесарь, токарь және т.б. жеке оқу орталықтарына негізделген
Жастарды қолдаудың осы шараларына 2025 жылға дейін жергілікті бюджеттен қосымша 18,3 млрд теңге бөлінеді. Оның 1,8 млрд-ы – 150 демалыс орталығын жаңғыртуға және «NarkoSTOP», «City Career Center», «NEET Problem Center» жобаларын ұсынуға бағытталған. Ал тағы 709 миллион NEET санатын толықтыруға жол бермеу үшін алдын алу шараларына жұмсалады
КЕШЕНДІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ құру АРҚЫЛЫ ҚАЛАМЫЗДАҒЫ NEET санатты ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ ҚАЗІРГІ 6,3%-дан 2025 жылы 4,5%-ға ЖӘНЕ 2030 жылы 3%-ға ДЕЙІН ТӨМЕНДЕЙДІ, яғни екі еседен көп
Айтпақшы, егер Қазақстанда NEET индексі (жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың үлесі) 9,2 болса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында -14, АҚШ-та - 14,1, Тәжікстанда - 42
