Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қоғамдық кеңес өңірлерді Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды жандандыруға шақырды

Астанада Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мониторингі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар «Микрокредитті кеңейту» төртінші бағытын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кеңес Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Мемлекет басшысының Жолдауын ерекше атап өтті және ол қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанына назар аударды. Осыған байланысты «Бес әлеуметтік бастаманың» рөлі артып келеді.

«Ағымдағы жылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің кешенді жоспарына сәйкес, республикада 571 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 128 мың адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары арқылы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қолдаудың бір шарасы болып табылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үйлестіретін өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі микрокредиттер беру болып табылады », - деді Бақытжан Жұмағұлов.

Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру мониторингі бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелерінің айтуы бойынша, төртінші бастаманы іске асырудағы жағдай өнімділікті арттыруды талап етеді.

1
0
443

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық кеңес өңірлерді Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды жандандыруға шақырды - Yvision.kz