Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

«Қоқан-лоқы, бопсалау». Қазақстандағы белгілі кәсіпкерлердің мүлкін басып алған рейдерлер ұсталды

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

«Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоқы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінде департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан.

«Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған. Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.

0
0
287

Осы тақырып бойынша

«Қоқан-лоқы, бопсалау». Қазақстандағы белгілі кәсіпкерлердің мүлкін басып алған рейдерлер ұсталды - Yvision.kz