Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Орал қаласындағы студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі

Ауданда студенттік жатақханаларға деген қажеттілік бар. Ауылдық округтер мен ауылдардан оқуға келген колледждер мен университеттердің студенттері үшін ең қиын мәселе жатақхана тапсылығы болып табылады.

Бүгінгі таңда төрт колледждің және бір университеттің студенттеріне жатақханада орын табылдмады, барлығы 1300 адам. Біз бұл мәселені мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы шеңберінде шешуді жоспарлап отырмыз. Мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлерге ескі ғимараттарды қайта құру немесе жаңа ғимараттар салу ұсынылады.

Жаңа ғимаратта студент үшін құрылған әрбір орын үшін мемлекет үш жүз мың теңге бөледі, ал егер орын бар объектіні қайта құру арқылы құрылған болса, ол бұрынғы қонақ үй, кеңсе ғимараты немесе жатақхана болуы мүмкін, жүз мыңға жуық теңге бөлінеді. Кәсіпкерлерге басты оңтайлы жағдайлардың бірі - мемлекеттік тапсырыс сегіз жылға созылады және студенттерді орналастырудың бірінші жылында тариф екі есе артады. Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қала үшін басым бағыттардың бірі екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы көтерді, оған сәйкес 2022 жылдың соңына дейін кем дегенде 75 мың орынға арналған жаңа студенттік жатақханалар салуды тапсырды.

0
0
516

Осы тақырып бойынша

Орал қаласындағы студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі - Yvision.kz