ҰОС-ның үш ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді
Құжатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылатыны айтылған. Оның ішінде:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы(марқұм) - 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;
Сүлейменов Ыбырайым(марқұм) - 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.
Фото алынды aif.ru
