Отандық медициналық оқу ордаларында қандай кемшілік бар?
МЖӘ шеңберінде сатуға ұсынылған клиникаларды отандық ЖОО-ларға ұсынылуы тиіс, Парламент Мәжілісінің депутаты Зауреш Аманжолова Назарбаев Университетінде жоғары білім беру жүйесін дамыту перспективалары бойынша дөңгелек үстел кезінде осындай пікір білдірді.
«Мамандарды клиникалық дайындау үшін тиімді ортаны құру қажет. Біз медицина ғылымның, білімнің және практикалық қызметтің әрқашан сақталуын талап ететінін жақсы білеміз. Бүгінгі таңда бізде клиникалық база жеткілікті деңгейде емес. Алты медициналық ЖОО-ның тек 3 университетте клиникалық базалары бар, ал қалғандарында жоқ. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының медициналық факультеттерінің, медициналық мектептердің ашылуы туралы мәселе көтерілуде. Клиникалық база негіздердің негізі болып табылады. Медицианада теория мен практика біріктірілуі керек», - деді Зауреш Аманжолова.
Ақпарат көзі
