Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Отандық өнімдер Ресей нарығына шығуда

«ҚАЗАҚ ИНВЕСТ» ұлттық компаниясы» АҚ Ресей Федерациясының ірі аймақтық сауда желілерінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сату жобасын іске қосты. Ресей дүкендерінің сөрелерінде отандық өндірушілердің флагмандық өнімдері пайда болды.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша - «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформа жүргізудің 100 қадамы» атты жобаның 56.2 қадамы аясында іске қосылды. «KAZAKH INVEST» жобасы алғаш рет 2016 жылы басталды. Содан кейін жетекші қазақстандық компаниялар «Мария-Ра» және «Кировский» өңірлік сауда желілерінде 42 тауар позициясын ұсынды. «Ресейдегі қазақстандық тауарлардың апталығы» акциясы бір мезгілде Новосібір, Екатеринбург, Барнаул, Кемерово, Томск және Новокузнецк қалаларында өткізілді, бұл отандық кәсіпорындардың өнімдерін 900-ге жуық дүкендерде ұсынуға мүмкіндік берді.

Осы жылы KAZAKH INVEST Томскідегі LAMA компаниялар тобының сауда желілері арқылы қосымша қосылған: INTERSPAR, SPAR, FoodCity, Абрикос, сондай-ақ Архангельск, Северодвинск, Новодвинск қалаларында «Петровский» және «Петромост» дүкендеріне тауар тасымалдай бастады. Осылайша, ең танымал қазақстандық брендтер Ресейдегі 1000-нан астам гипермаркет пен дүкендерде ұсынылған. Өткен жылы үш қолшатыр бренд құрылды: «Qazaq Organic Food», «KazMeat» және «Халал Қазақстан», олар Қытай, Иран және Ресей секілді ірі мақсатты нарықтарға бағдарланған.

0
0
431

Осы тақырып бойынша

Отандық өнімдер Ресей нарығына шығуда - Yvision.kz