«Пана» – жеке баспанасы жоқтарға арналған бағдарлама
Бірақ қаңғыруды ұнататындар да көп. Айта кетер жайт, ондай адамдар әлемнің ең озық елдерінде де көп
2000 жылдан бері олармен Алматыда қалалық әкімдіктің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пана» әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс істейді. Оның 56 қызметкері бар, жобалық қуаты - бір мезгілде 180 адамды құрайды. Жыл басынан бері 800-ден астам адамға көмек көрсетілді

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар және тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар осы әлеуметтік бейімделу орталығында жеткілікті және қолайлы жағдайда уақытша тұра алады
Орталық тұрғынының мысалға алған оқиғамыз: 72 жастағы зейнеткер Л.Л., Израильге тұруға кеткен жалғыз қызының «арқасында» 2020 жылдың басында осы орталыққа түсті. Анасы түрмеде жазасын өтеп жатканда қызы жалғыз пәтерін сатып жіберген. Мүліксіз қалған Л., тентіреп, ал соттылығы бар егде әйелді ешкім есепші (бұл оның кәсібі) қызметіне алғысы келмеген. Орталықтың бар-жоғын білмейінше, бұл кісі далада қалмақ, ал әзірше баспанасы осында
Өз еркімен тентіреп жүргендер әдетте жертөлелерде және жылу трассаларында шоғырланады, онда Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері полициямен бірге рейдтік шараларға барады. Қыста үйсіздердің көпшілігі жылы жерге көшуге дайын
әлеуметтік бейімделу орталығының ДИРЕКТОРЫ БОЛАТ АЙТМҰРЗАЕВТІҢ айтуы бойынша МЕКЕМЕДЕ 180 төсек-орын БАР, БІРАҚ «ҚОНАҚТАРДЫҢ» САНЫ ЕКІ ЖҮЗГЕ ЖЕТКЕН. ОЛАР ҮШІН ҚОСЫМША ОРЫНДАР ЖАСАЛДЫ. оның үстіне олардың 99%-да ҚҰЖАТтары ЖОҚ, орталық ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРі ОЛАРДЫ қайта ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Айтпақшы, ережеге сәйкес, Орталықта бір жыл тұруға болады, бірақ құжаттарды қалпына келтіру кешіктірілсе, оларға тағы 6 ай тұруға рұқсат етіледі. Әдетте бұл басқа елдерде туған азаматтар. Сондай-ақ олардың туған жеріне, мысалы, Қырғызстанға, Өзбекстанға бұрынғы тұрғылықты жеріне оралуға көмек көрсетіледі
Баспанасы жоқ зейнеткерлермен сәл жеңілірек жағдай – олар «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберіледі. Ал мүгедектерге әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар мүгедектік дәрежесі беріледі
Орталық қызметкерлері барлық «клиенттеріне» жұмыспен қамту орталықтары арқылы немесе ұзақ мерзімді байланыс орнатқан кәсіпорындарда тікелей жұмыс табуға көмектеседі. Айтпақшы, қазірдің өзінде жұмыс істеп жүргендер үшін тамақсыз түнгі бөлімдер қарастырылған. Бірақ алғашқы жалақыдан кейін адамдар қайтадан ішіп кетіп, жұмыссыз қалатын жағдайлар да көп...
Жоғарыда жазғанымыздай, дамыған инфрақұрылымы, іскерлік аймағы және жұмсақ климаты бар Алматы тартымды жер, сондықтан үйсіздердің саны жыл сайын артып келеді. Шетелден келген үйсіздер көп
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2022 жылдың соңына дейін әлеуметтік бейімделу орталығына қосымша 143 төсектік бөлімін салу туралы шешім қабылдады
