Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Сот мәліметінше, ерлі-зайыпты Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық тұтастығы туралы пікірталасқа белсене қатысқан.

«2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыпты телекоммуникация құралдарын пайдаланып, «Чат Рулетка» қосымшасында мәлімдемесі Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзуды насихаттайтынын түсіне тұра, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын басқа тұлғаға ашық түрде Қазақстан Республикасының біртұтастығын сақтау тұрғысынан саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қоғамдық қауіпті мәлімдемелер жасаған», - делінген сот мәлімдемесінде.

Сотталушылар кінәсін жоққа шығарғанымен, сот оны толықтай дәлелденген деп тапты. Сот ерлі-зайыптыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

0
0
299

Осы тақырып бойынша

Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды - Yvision.kz