Полиция Алматыдағы «рэкеттер» туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Бұған дейін БАҚ «Алматыда рэкеттер алым-салық талап етіп, атыс шығарғаны» туралы хабарлаған болатын. Атыс кезінде екі ер адам жараланған. Оқиға Алматының Медеу ауданында болған.
«Алматыдағы рэкеттер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бір көшеде тұратын көршілер арасындағы қарапайым тұрмыстық жанжал. Сонымен қатар, бірнеше адам болды деген ақпарат та жалған. Күдікті - бір адам, ол дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция өкілдері шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бұл деректі қазір Медеу аудандық Полиция басқармасының аумақтық бөлімшелері анықтап жатыр.
