Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Президент: Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек

Белсенділер саяси партиялар мен қозғалыстар құруға ынталы екенін мәлімдеп, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша әртүрлі пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Бұл – азаматтық қоғамның жетілгенін көрсететін табиғи процесс. Дегенмен, Президенттің пікірінше, азаматтық белсенділердің барлық әрекеті, соның ішінде наразылық акциялары қолданыстағы заңнамаға және парасаттылыққа қатаң сәйкес келуі өте маңызды.

«Заңды бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, соның ішінде полиция қызметкерлерінің адамдық қадір-қасиетіне, кәсіби ар-намысына қарсы бағытталған әрекеттерге баратындар заңнамамызға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Фото алынды file.liga.net

0
0
231

Осы тақырып бойынша

Президент: Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек - Yvision.kz