Рахмонов пен Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
UFC Apex аренасында өтетін шара астана уақыты бойынша 05:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған.
Сергей Морозов төртінші болып бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 6:30-да басталады.
Келесі болып сағат 7:00 шамасында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (37-10) АҚШ-тан келген Ти Джей Браунмен (16-8) кездеседі.
Жекпе-жекті «Матч! Боец» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, жекпе-жектерді UFC Fight Pass жазылымы арқылы көруге болады.
Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.
Рахмоновтың жекпе-жегін Setanta Sports 1 және «Матч ТВ» арналарынан, сондай-ақ UFC Fight Pass жазылымынан көруге болады.
Фото алынды tribuna.media
