Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

Референдум 2022: Біз не үшін дауыс береміз?

Референдумға дайындық қысқа мерзімде елдегі ерекше оқиғалармен қатар жүріп жатыр.

Оның нәтиже оң болса, Қазақстан «суперпрезиденттік» басқару түрінен салыстырмалы түрде тәуелсіз парламенті бар президенттік басқару түріне өтуі керек.

- президенттің тікелей туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарды, оның ішінде мемлекеттік компанияларда қызмет етуге тыйым салынады;

- енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан соң азаматтар Конституциялық сотқа өз бетінше жүгіне алады;

- Сайлаудың қалпына келтірілген мажоритарлық жүйесіне сәйкес азаматтар тек партияларды ғана емес, нақты тұлғаларды да мәжіліс депутаты етіп сайлай алады;

- Сенатта Президент тағайындайтын депутаттар қысқартылып, ал мәжілістегі Халық Ассамблеясының квотасы жойылады;

- азаматтар алғаш рет мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын Мәжілістің қазіргі депутаттарын өзгерте алады;

- Елбасының ерекше рөлі мен артықшылықтары Конституциядан алынып тасталып, заң деңгейінде шешілетін болады;

Атағы жер жарған бұл маңызды шара халықты біріктіріп қана қоймай, Президент пен Елбасының, депутаттардың, соттардың «Жаңа Қазақстандағы» рөлі тақырыбын барынша қоғамдық талқылауға ұсынуы тиіс еді. Бірақ, өкінішке қарай қоғамда реферндумнан көрі халықты автомобиль сатып алуға берілетін жеңілдетілген несие немесе автосалондарда сол көліктердің жоқтығы туралы жаңалықтар толғандырады. Мұны күнделікті телеарналар мен әлеуметтік желіден көріп, біліп, оқып жүрміз. Яғни, тұрғындар осы сияқты мәселелерді референдумнан маңызды санап, белсенді түрде талқылап кеткенін байқатып отыр. Сарапшылар Конституцияға енгізілетін түзетулерге халықтың немқұрайлы қарауын билікке деген сенімсіздікпен байланыстырады. Расымен тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде билік азаматтардың сенімінен мүлдем айырылып қалды.

Дегенмен, Қазақстанның саяси саласы мен қоғамының Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қолға алған жеделдетілген өзгерістердің ерекше кезеңінен өтіп жатқанын байқамай қалу мүмкін емес. Мәселен, біз қысқа мерзім ішінде бұрын айтпақ түгілі, елестет алмайтын көптеген оқиғалардың куәсі болдық. Республика Президентінің «Нұр Отан» (Аmanat) партиясынан шығуы және билікті қолдайтын партияның атауын өзгертуі халық үшін айтулы жаңалық болды. Оған сонау 2000 жылы мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған елді мекендердегі өзін-өзі басқару мен ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлауды жүзеге асыру туралы көптен бері айтылып келе жатқан тақырыпты қосыңыз. Еркін қоғам жасауға ұмтылған биліктің алғашқы нәтижелерін ақырындап болса да көре бастадық.

Тағы бір символикалық шешім президенттің жақын туыстарының шенеунік ретінде жоғары лауазымдарды атқаруға және жартылай мемлекеттік компанияларда жұмыс істеуіне тыйым салынуы болды. Қапшағай қаласының атын «Қонаев» деп өзгертуі де мемлекет басшысының Қазақстанның болашағына қатысты көзқарасы мен ұстанымын көрсетеді.

Елімізде референдум алғаш рет өткізіліп тұрған жоқ. Тұңғыш рет жалпыхалықтық референдум 1995 жылы өткен. Онда екі мәселені атап айтқанда, елді «супер» президенттік республикаға айналдыруды көздеген жаңа Конституцияны қабылдауды қамтығаны белгілі. Сөйтіп, Н.Назарбаевтың өкілеттіктерін кеңейтіп берді деп түсінуге болады. Символикалық және заңды түрде референдум арқылы енгізілген «суперпрезиденттік» басқару принциптері де дәл солай символикалық, заңды түрде жойылуы керек. Осының бәрі халықтың мақұлдауымен референдум арқылы шешілуі тиіс. «Екінші Республика» 1995 жылы Қазақстан азаматтарының 90 пайыздан астамы дауыс беріп қолдау білдіргенде ғана басталады, деп күтуге болады.

Қазақстандағы референдум әдеттен тыс ерекше жағдайда өтіп жатқаны анық. Атап айтсақ, Украина мен Ресейде Украинаның бірнеше облысының болашағына қатысты және Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы туралы референдумдар өтіп жатыр. Мұндай жағдайда «референдум» деген сөздің өзінің мағынасы өзгеріп, екіұшты болып кетеді. Өйткені көршілес елдерде болып жатқан оқиғалар оған жаңа реңк беріп, символизмге айналдырады.

Алайда, азаматтардың көпшілігі осыған дейін парламент қабырғасында немесе президент әкімшілігінің айтқанынан шықпай, солар айтқан шешімдерді қабылдап келген шенеуніктер ісіне түсінбай дал. Референдумның шынайы мақсаттары мен міндеттерін тек ішкі процестер ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның төңірегіндегі сыртқы жағдай да көрсетіп отыр деп болжауға болады. Мемлекеттердің заманауи мысалы оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты, бүкіл қоғамды агрессорға қарсы біріктіру үшін елге көпшілік сайлаған президент қана емес, заңды және беделді көшбасшы қажет екенін көрсетеді.

Қазақстанның алдында, яғни ұлт көшбасшысының алдында көптеген ішкі және сыртқы сын-қатерлер мен өткен қателіктерді еңсеру, ауыр экономикалық және зейнетақы реформаларын жүргізу сияқты күрделі міндеттер тұр. Бұл үшін ол қоғамның, элитаның, саяси партиялардың қолдауына ие болуы тиіс. Көрші елдердегі ахуалды ескерсек, осы жүргізіліп жатқан реформалар нәтижелі болуы үшін мемлекет басшысына ең алдымен аймақтағы қалың бұқара тарапынан сенім мен қолдау қажет екені айтпаса да түсінікті.

Әлі де болса, «қанды қаңтар» оқиғасының зардабын шегіп отырған Қазақстан халқына біріктіретін қозғаушы күш керек екені сөзсіз. Сол қаңтар оқиғасы жаңа басшылыққа саяси реформаларға қатысты нақты талап айтумен шектеліп қалған жоқ. Сонымен қоса, Елбасы мен оған жақын адамдардың іс-әрекеті мен мұрасын бағалауға қатысты да батыл әрекеттерге барды. Референдумда халық жаппай қолдап, тікелей дауыс берген жағдайда Қ.Тоқаевтың «қаңтар трагедиясынан» кейінгі біраз «көлеңке» түсіп қалған атақ-абыройы қайта көтерілмек. Оған қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстанға кіргізілуі де себеп болған. Ата заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды жұртшылық қолдаған жағдайда ұлт көшбасшысының мәртебесі асқақтай түсетінің анық. Сондай-ақ, 2019 жылғы сайлау қорытындысын еске түсірмеу мүмкін емес. Ол кезде халықтың 90%-дан астамы мақұлдап дауыс берді, деп айтылғанымен нақты көрсетілмеді.

Қорыта айтқанда, референдум қазіргі Қазақстан тарихындағы күрделі кезеңде өтіп жатқанын рас. 1995 жылғы өткен референдум реформалардың басталуына жол ашты. Бұл «Екінші Республика» үшін, жаңа қайта құрулар үшін халықтың дәл сол кездегідей бірауыздан мақұлдауын талап етеді. Қаңтар оқиғасы халықтың жаңаша қолдауын қажет ететін биліктің имиджіне референдум арқылы кері әсер еткені де анық. Жаңа Конституцияға 90% немесе одан да көп «жақтап» дауыс берген жағдайда осы реформаларды жалғастыруға мүмкіндік туады. Бұл қазіргі ішкі және сыртқы сын-қатерлердің күрделі кезеңінде Қазақстан үшін өте қажет екені даусыз.

Шәріп Ишмұхамедов, A+Analytics

0
0
312

Осы тақырып бойынша

Референдум 2022: Біз не үшін дауыс береміз? - Yvision.kz