Республиканың көптеген облыстарын тұман басып, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады.
Ресейдің Еуропалық аумағының шығыс бөлігіндегі циклон Батыс Сібір жаққа қарай жылжып келеді. Осыған байланысты Қазақстандағы ауа райы да өзгермек. Алдағы 3 тәулік ішінде еліміздің көптеген аумақтарында күн күрт суып, бұлттанып, жауын-шашын болады. Ал Батыс және Солтүстік Қазақстанда түнде сулы жаңбыр жауады деп күтілуде.
