Рудныйдағы орталық экранда көшеде қоқыс тастағандар көрсетіледі
Рудный әкімдігі бұрын-соңды болмаған әдістерге көшкен. Билік қаланың үлкен қоқыс алаңына айналып бара жатқанын тұрғындарға осылайша жеткізбек.
Бірақ мұнымен іс бітпейді. Дәл осындай видеолар әлеуметтік желілерде, мысалы, Рудный әкімдігінің Instagram-парақшасында да жарияланған. Материалдың көптігінен жазба күн сайын шығады.
«Город» АА порталы мәліметінше, жергілікті L-Trading ЖШС айына 1000 тоннадан аса, күніне 50 тоннаға дейін қоқыс шығарады.
