Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

«Рухани жаңғыру» аясында жастар деструктивті ағымдардың өзекті мәселелерін талқылады

Астанада «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тілінде әлемдегі ең үздік 100 оқулық» жобасының аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Еркін сөйле» конференциясы өтті.

«Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей бастамаларының бірі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Біздің форматымыз ерекше. Мұнда белгілі қоғам қайраткерлері, діни ғалымдар ғана емес, сонымен бірге жастар да қатысады, сонымен бірге олар осы бағдарламаны насихаттау үшін өз білімін салады. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасады. Бүгін біздің спикерлер арнайы таңдап алынды, сондай-ақ, 100 жаңа тұлға да осы шараға қатысуда», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әскер Пириев.

Іс-шара барысында қатысушылар «Діни ағарту қоғамды рухани жаңғырту аясында» және «Діни ашықтық - қоғамның рухани жаңаруы үшін кілті» тақырыптары аясында әңгіме қозғағанын атап өтейік. Талқылауға дін өкілдері де қатысты.

«Бүгінгі күнгі проблема - бәріміз бәрін білеміз деп ойлаймыз, бірақ біз кітаптарды оқу туралы біраз ұмытып кеттік, әлемнің 100 жаңа кітабы бізді байыта түседі деп ойлаймын, бүкіл әлемде не болып жатқанын білуіміз қажет, біз әлем жайлы хабардар болуымыз керек, бәрі туралы оқуымыз керек», - деп атап өтті Пириев.

Іс-шара барысында «Иудаизм, Христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» деп аталатын оқулық «Қазақ тіліндегі әлемнің үздік 100 оқулығы» атты жоба аясында ұсынылды.

0
0
401

Осы тақырып бойынша

«Рухани жаңғыру» аясында жастар деструктивті ағымдардың өзекті мәселелерін талқылады - Yvision.kz