Құс бағушы Евгения
Арманы үлкен құс фабрикасын ашу. Әзірше, өз ауласындағы сарайда бағып отырған құс еті және жұмыртқасымен ақтөбеліктерді бағып келеді.
Сауданы бала кезден үйренген
Евгения Макаревич Ақтөбеден 52 шақырымдағы Алға қаласына Қарағандыдан 6 жасында көшіп келді. Анасының туған өлкесі осы жер еді.
Мектеп бітірген соң училищеге оқуға түсті, КИПиА – бақылау-өлшеу аспаптары және жабдықтар слесарі болды. Көптеген алғалықтар секілді жергілікті химиялық зауытқа жұмысқа орналасты. Бірақ, 90-жылдар болғандықтан, кезінде бүкіл Одаққа танымал болған зауыт жабылып қалды. Евгения Макаревич училищені үздік бітіргендіктен институтқа жолдама алды.
«Оқуға бармадым. Зауыт жабылып және жұмыс жоқ кезде оқып не қыламын ? Және отбасымда бес баланың үлкені болғандықтан кішілерге көмектесуім керек болды. Осылайша саудагер болдым. Базарда тамақ, киім-кешек, түрлі заттармен сауда жасадым. Оларды Алматы, Түркістан, Ресейден тасып әкелетінмін» – деп Евгения еске алады.
Сауда жасауды бала кезімнен үйренген едім. Әжем үйретті. Оқушы кезімде сәбіз, жүгері сататынмын, әрқашанда өзімнің қаражатым болатын еді. Ал, шаруашылықпен айналысуға да бала кезімнен үйретті. Біз сиыр, бұқа, құстар бағып, асырадық.
Уақыт өте келе Алға қаласында жеке азық-түлік дүкенімді ашуыма реті келді. Аудан орталығында супермаркет ашылғанша барлығы орташа деңгейде жақсы жүріп жатты. Ашылған бойда көпшілік сол жерден сауда жасап, сатылым азайды, осылайша біз құстармен айналысуға ауыстық.
Ұлыма күркетауық бағу деген ой пайда болды. Ол Тенгизде жұмыс жасайтын, сол жердегі әріптестері айналысады екен, тиімділігі туралы солардың әңгімесінен естігені. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews
