Ұсақ мал арасында ең көп таралған ауру түрлері қандай
Бұған дейінгі мақаламызда біз қойларда кездесетін аурулардың алдын алу жолдарын айтқан болатынбыз. Бұл жолы қойлардың жұқпалы емес дерттерінің түрлеріне тоқталмақпыз. Ұсақ мал арасында ең көп таралған қой аурулары қандай деген сауалға жауап іздеп көреміз.
Жұқпалы емес қой аурулары мал үшін аса қауіпті емес және олардың емі бар. Бастысы – емді уақытылы бастау. Жұқпалы емес қой ауруларының түрлері өте көп. Мәселен, безоар ауруы.
Бұл – мал асқазанында жүн мен өсімдік талшықтарының иленіп қалуы салдарынан болатын дерт. Көп жағдайда бұл аурумен жас мал ауырады. Олар енесінің сүті жеткіліксіз болғандықтан, ағзасына минералдар мен дәрумендер жетпей, нәтижесінде ол өзінің жүнін жей бастайды. Осылайша ол ағзасындағы пайдалы заттардың жеткіліксіздігін толтыруға тырысады. Ауру мал өзін жайсыз сезініп, асқа тәбеті болмайды. Басқа малдарға қарап, оның да жүнін жемек болады. Бұл ретте аурудың басты белгілерінің бірі олардың шырышты қабаттарыны көгеруі болуы мүмкін. Сондай-ақ қой үлкен дәретін шығармақ болып, барынша күшеніп жүреді. Аурудың алдын алу тәсілдері жоқ. Асқазанда безоар тастарының қатып қалмауы үшін толыққанды әрі дұрыс тамақтану қажет. Азық қажетті минералдармен дәрумендерге толы болуы керек.
Тимпания – ас-қорыту жүйесімен байланысты проблемалар жұқпалы емес ауруларға жатады. Тимпания қойлардың жасы мен жынысына қарамастан барлық малдарда туындауы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан қойлар тамақ жемей, мазасызданады, іші кебеді. Ауруды емдеу үшін ауру малдың аузына арнайы түтікше тығады. Осылайша, артық газдар шығады. Кейде аталған ем түрі жақсы нәтиже бермеуі мүмкін. Ондай жағдайда хирургиялық ем қолдану қажет болады. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews
