Салдарын емес, себебін жою керек
Бөлім басшысының айтуынша, бірінші басшылардың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасамауы үшін жеке жауапкершілігін арттыру мәселесі қарастырылуда.
«Мен сіздерден өтінемін: қазірдің өзінде кейбір шенеуніктерді нақты фактілер бойынша қамауға алынған немесе қандай да бір жерде қамауға алынғандығы туралы ақпараттар бар, бірақ мұндай ақпаратты емес, мен сіздерден алдын-алу шаралары және алдын-алу ескерту мәселелері туралы толығырақ баяндауларығызды сұрағым келеді. Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін көп уақыт бақылайы боламыз», - деді Алик Шпекбаев «Астана» хабының конференциясында.
Спикер айтуынша, қазірдің өзінде бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру туралы мәселе қарастырылуды, олар өз бағынышты тұлғалары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қарастырып отыруы керек.
«Бүгінде біз бірінші басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасамағаны үшін жеке жауапкершілігін арттыру мәселесін көтеріп жатырмыз, сондықтан әкімшілік мәселелер болған кезде біз бірінші басшылардың нормативтік актілеріне өзгерістер енгіземіз және біз жауапкершілікті күшейтеміз», - деді ведомство басшысы.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне әрдайым көңіл бөлінді. Бұл зиянды құбылысты жоюдың алғашқы ұзақ мерзімді принциптері 20 жыл бұрын пайда болды. Сол кезде, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Кейіннен қылмыстық және әкімшілік кодекске өзгертулер енгізілді, арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленді, мемлекеттік қызметшілерге арналған Құрмет кодексі бекітілді, ұйымдасқан және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылды. Осы кезеңде қоғам үлкен өзгерістерге ұшырады.
