Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Салтанат Бақаева – Әгугай құрбым [2016] сөзі және әні

«Әгугай құрбым» 2016 жылдың лирикалық әндерінің бірі. Салтанат Бақаеваның орындауындағы бұл ән қыз ұзатуында орындалатын сыңсу немесе қоштасу әніне де келетін сияқты. Себебі, әннің сөзіне мән берсеңіз қыз құрбысына ақ жол тілеп, балалық шақтың келмейтінін айтып, жарының арына кір келтірмейтін әйел бол деп кеңес беруде. Мұндай жанрдағы өлеңдер саны өте аз. Сондықтан болар осы бір әсем ән құлақтан кіріп, бойды алды. Ендеше, назарларыңызға Салтанат Бақаева – «Әгугай құрбым» әнінің сөзі.

Ал, болашақта осы әнге арналған клип түсірілетін шығар деген ойдамыз.

Салтанат Бақаева – Әгугай құрбым [2016] сөзі

Қайта келмес айналып бала күнің-ай,

Басталғалы тұр енді жаңа өмірің құрбым-ай.

Тілегімді айтайын осы әніммен-ай

Бақытты бол серідей

Қос ақыңмен құрбым-ай

 

Қайырмасы:

Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әгугай

Жасымағын қасыңда тұр асыл жарың құрбым-ай

 

Түнгі аспанға ай нұрын шашқаныңдай-ай,

Жарасып тұр көркіңе шашбауың да құрбым-ай.

Айтқан сөзің шәрбәттің тәттісіндей-ау,

Серігіңнің арына дақ түсірме құрбым-ай.

 

Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әгугай

Жолың болсын жаным досым,

Бағың қонсың құрбым-ай.

 

Қайырмасы:

Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әгугай

Жасымағын, қасыңда тұр асыл жарың құрбым-ай

Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әй-әй үгәй, Әгугай

Жолың болсын жаным досым

Бағың қонсың құрбым-ай

2
0
9897

Осы тақырып бойынша

Салтанат Бақаева – Әгугай құрбым [2016] сөзі және әні - Yvision.kz