Санжар Керімбай “Өмірге ғашық болу”
Кітап 2018 жылы жарық көрді. Kітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Бұл кітап, әсіресе, жасөспірімдердің қатты қызығушылығын тудыратын шығармалардың бірі. “Өмірдің мәні не?” деген сұраққа автор өте қарапайым жауап береді.

