Менің сүйікті әншім - Ғалымжан Молданазар
Қазақстанда Байқоңыр бар екені еске түседі. Әйтпесем, дымымыз жоқ сияқты жылай береміз.
Мынау енді тұнып тұрған шедевр!
@Mysli_v_Sluh
За солнце луч во тьму земную Спускается держась младенец, Не ведая своей судьбы.
рейтинг
247
жазбалар
55
пікірлер
801
тіркелуші
43
жазылымдар
32
рейтинг
247
жазбалар
55
пікірлер
801
тіркелуші
43
жазылымдар
32
Қазақстанда Байқоңыр бар екені еске түседі. Әйтпесем, дымымыз жоқ сияқты жылай береміз.
Мынау енді тұнып тұрған шедевр!
Биыл мен деген патриоттар (яғни өзім) қаһарлы қыстың құрсауында жүріп, өз ойын түбегейлі өзгертті. Өз елім менің - өзегім менің деген адамдар шетелде қалай орын тапсам деп шырқ ұруда. Суықтан шаршадым, босқа ескек есуден шаршадым.

Бала болған соң кейбір сөздің мағынасын жете түсінбейді. Сондықтан жаман сөздер де айтып жатады. Кейде айтылуын келтіре алмайды да, жақсы сөздің өзі ұят сөзге айналады.
- Біз қуырдақ жейміз кешке, - дейді папасы.
- Біз қуутақ жемейміз, біз ет жейміз, - дейді қызы.
Әрине, бұл сөзді естіп күліп жібердік.

Өткен түні маған қарап:
- Сенің бетің қандай? - деп сұрады. Ойбай, не дер екен, жаңа ғана бетіме май жағып едім (ол майды жақтырмайды) деп ойладым.
- Сенің бетің әдемі боп тұр ғой, - деді.
Мұндай комплимент естимін деп ойламаған басым, көңілім көтеріліп қалды. Інімнің қызы болса да, өз қызымдай көрем. "Мен сенің қызыңмын" деп айтатыны тағы бар.
Бұл күндері Президент кетті, заман ауысты, көше ауысты, қаланың атауы ауысты деп сәл шатасып кеттік. Әйткенмен, халықтың көңіл-күйі ауысқалы қашан. Үнемі, ұдайы болмаса да, арагідік осында жазып тұрамын. Мысалы кейбір мақаланы оқып болған соң, жақсылап моншаға түскің келеді, ал кейбір мақаланы оқып болғанда, чемодан алып безіп кеткің келеді екен, ал кейбір мақала еліміздің ертеңіне алаңдатады мысалы. *********************************************** Білім саласын ұрыспайтын, сынамайтын саналы адам кемде-кем шығар, сірә. Бірақ әлгіндей еңбекті оқығанда, біз сонда ертең кім боламыз деген сұрақ мені мазалауын қоймайды. Мен де бір баланың анасымын, балам мектепке барарда ең жақын туыстарымнан бір кісі бұл баланы орысша оқыту керек деді. Орыс мектебі болса үйге тиіп тұр. Мен оған үзілді-кесілді…
Баланың көңілі далада, ананың көңілі балада демекші, жаз басталғанда балам аз болса да дүние жүзі классикасының заманауи аудармасын оқысын деп үш жазушының кітабын алған едім. Бұл кітаптар "Фолиант" баспасы шағырған қысқаша мазмұндағы аудармалар.Мінекей "Оливер Твист". Қазақ тіліне аударған Ж.Игісінов екен, кітап тілі миға өте қонымды, оқуға жеңіл. Балам осы кітапты оқи бастады. Ол қоя қойғанда, қалай екен деп мен де біразын оқыдым. Жоғарғы сыныптарда Оливердің орысша аударылған нұсқасын оқып едім. Қазақ тіліндегі аудармасы да тартымды екен. Тек төменгі сынып оқушыларына арналып қысқа нұсқасы берілген. Әйгілі фантаст Жюль Верннің шығармасы да қалыс қалмаған екен. "Жер кіндігіне саяхат" өзімнің де сүйіп оқыған кітабым еді, бұл кітап та оқушы баланың көңілінен шықты. Шытырман оқиға, географ…
Түсімде жардан құлап бара жатқандай болып оянып кетемін. Бала кезімде осындай түстер жиі болатын. Кейін өсе келе баспалдақпен көтеріліп келе жатып, баспалдақ бітіп қалғаны не болмаса жете алмас алыста жалғасатыны бар еді. Оянғанда тағы да бір өкініш пайда болатын. Сонымен бізді тус көруге не итермелейді? Ғалымдар түс біздің күндіз болған оқиғаны санамызда қорытып түнде түс ретінде көруіміз деп айтады. Солай болса да кейбір түстер тапсырыс бойынша болатындай. Мысалы, мемлекеттік емтихан тапсырар кезде Андронов мәдениеті деген билет алғаным бар түсімде, емтихан кезінде тура сол билет түсті.Түсінде ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар қаншама? Периодикалық кестені ойлап тапқан Д.И.Менделеевтің мысалын бәрі біледі, ол түсінде кестені көрген, оянғанда жаңалық ашқанын сезген. Айта берсек жаңалықтарын…
Менің нағашы апам 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, оның анасы да 85 жасында дүниеден озды. Бала күнімізде бізді ертіп алып, анасының зиратына апаратын, Құран оқып, дұға бағыштап, аяғында біраз жылап та алатын. "Апа, мені неге тастап кеттің?" деп жылайтын. Біз болсақ ол неге "апа" деп айтты деп таң қалар едік, ол оның анасы ғой, "мама" немесе "ана" деу керек еді, әйтсе де бұрынырақ қазақтар шешелеріне "апа" деп айтса керек.Апаммен байланысты естеліктер өте көп. Ол кісі мені үй тірлігін атқаруға баулыған бірден-бір адам. 12-13 жасымда болуым керек, қыс не көктем каникулы кезінде апамның үйінде ауылға бардым. Бір күні үйде нан бітті, нан алу керек. Апам маған "нан бітсе, нан илеп, нан жабу керек" деді. Мен ондай нан илеу жағын бұрын жасап көрмеген едім. Біраз уақыт өзім нан илей алмайм…
Отан оттан да ыстық демекші, 6 жылдан астам уақыт шетелде тұрып, үйді аңсайды екенсің. Келе жатқан, болып та жатқан Наурыз мерекеміз құтты болсын! Наурыз - адамдардың бірін-бірі кешіретін, көріспегендер көрісетін мейрамы. Дей тұрғанмен, менің байқағаным біздің халқымыз аса кішіпейіл елге жатпайды. Әуежайдан бастап, подъездегі тәтеге дейін ә десең, мә деп тұра шабуға дайын тұрады. Бұған аса мән бермейтін едім, алайда Қазақстаннан ұзап кеткен сайын халықтың мүлде басқа бола білетінін көрдім. Психологтар айтады, адам мінезін өзгерте алмайды, бірақ іс-әрекетін өзгерте алады. Ақжарқын болуды үйренейік! Әуежайда паспорт тексерушілердің күле қарсалғанын көрмейсің, такси-такси деп айқайлайтын ағалардың асыққанын көресің келген бетте. Бұл әсерлер, Қазақстан азаматтары үшін қалыпты, етіміз үйреніп…
Балалық шағымның ең улкен кейіпкері болған атам 1995 жылы қайтыс болды. Оның кеткеніне сонша жыл болса да, сенгім келмейді. Ол біздің қонаққа бара алмайтын алыс елге кеткен деп сендірдім өзімді. Осылайша жылдар жылжып өте берді. Кейде пенде болғандықтан, атам ерте кетпегенде біз қалай болар едік деп ойлаймын. Мүмкін, туысқан аралық қатынастарымыз берік болар ма еді? Ол жағын кім білген ... адамның ғұмыры соншалық қысқа деген ойға қаламын сосын. Бірде біздің атамыз деп папамның інісінің қызына айтып едім, ол түсінбеді, сенің папаңның папасы деп едім, тағы да түсінбеді. Сенің папаң мен менің папамның папасы деп едім, тіптен шатасып, маған күле бастады, не болып кетті дегендей. Ата сенің папаң ғой, деп күлді маған. Әрине, менің папам сіңліме кәрі болып көрінеді. Менің атам тек үлкен немереле…