Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да бұрын сотталған адам бір тұрғыннан миллион теңге бопсалаған (видео)

ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады.

undefined

Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады.

Шығысқазақстандық жедел уәкілдер жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығының 37 жастағы бұрын сотталған тұрғынын 200 мың теңге алу кезінде ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның заңсыз ісін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қамауға алынған күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.


Polisia.kz

0
0
353

Осы тақырып бойынша