Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да бірнеше бала суға батып кете жаздады

Оқиға кеше болған.

ШҚО Самар ауданының Құлынжон ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасында шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған 4 бала суға батып кете жаздады.

Көмекке келген ТЖМ құтқарушылары Нұржан Жолжақсынов, Әсет Тұрсынов, Саян Ерназ және куәгерлердің бірі 2008, 2012, 2011 және 2010 жылы туған балаларды судан құтқарды.

Нұржан Жолжақсынов құтқару шеңберінің көмегімен 2011 жылы туған баланы судан шығарып алды. Оның әріптестері Әсет Тұрсын, Саян Ерназ қайықпен басқа балаларға жағаға жетуге көмектесті.

Осы сәтте куәгер Асылан Нұрекенов құтқарушыларға көмектесіп, балаларға дейін жүзіп, оларға құтқару шеңберін лақтырды.

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.


https://t.me/qr_tjm

0
0
345

Осы тақырып бойынша