Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

ШҚО-дағы арнайы операция: 65 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

Нәтижесінде 3,5 мың бір реттік дозаға тең салмағы 1 келіге жуық синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын Өскемен қаласына әкелмек болған 35 жастағы алматылық ұсталды.

Ұстау барысында автокөлікте онымен бірге жұбайы да отырған. Қаскөй күдікке ілінбес үшін әйелін әдейі жолға алғаны мәлім болды. Біраз уақыттан соң қылмыстық топтың екінші қатысушысы да қолға түсті. Ұсталған 29 жастағы ер адамнан 2 мың дозаға тең 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Тінту барысында одан құрамында 0,5 келіден аса альфа-PVP психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс тәркіленген.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс орталығында шамамен мөлшері 8 мың бір реттік есірткі дозасын жеткізудің арнасы жойылды, оның "қара нарықтағы" құны шамамен 65 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де қамауға алынды», - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

0
0
283

Осы тақырып бойынша

ШҚО-дағы арнайы операция: 65 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі - Yvision.kz