«Шалғай шетел өлең-жырлары»
«Шалғай шетел өлең-жырлары» кітабі әлем балалар әдебиетіне арналған 50 томдықтың бірі. Бұл жинаққа 47 елдің 80 ақынының қазақ тіліне аударылған 545 өлеңі енді. Қазақ тіліне аударған атақты балалар ақыны - Қадыр Мырза Әли.
Балаларға арнап жазу - қаламгер үшін өлшеусіз бақыт. Өйткені, балалар үшін жазу кез келген үлкен қаламгердің де қолынан келе бермейді. «Балалар ақыны боп туу керек» - деген екен В. Белинский.
Корней Чуковский аудармаларының сапасы түп нұсқадан автормен бәсекеге түсіп, одан озып аударуы керек екенін айтқан.
Оразақын Асқар: «Қадыр Мырза Әли қазақша аударғанда көркемдік, ұғымдылық, қысқа-нұсқа, негізгі авторлармен жарыса аударған» - деген пікір қалдырған.
