Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Шетелдік инвесторлар Түркістан аймағының жобаларына қатысуға дайын

Аймақта шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы сомасы 4,8 млрд доллар болатын 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 12-сі іске асырылды, деп хабарлады облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында өткен «Ежелгі Түркістан - жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық форумда. Форумға еуропалық елдердің өкілдері, сондай-ақ Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан қатысады. Аймақ басшысы өз сөзінде форумды ашқан қонақтарды құттықтап, оларды өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырды.

«Түркістан көптеген ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болды. Мемлекет басшысының Түркістан аймағын құру туралы жарлығы Түркістанды бүкіл түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде қалпына келтіруге бағытталған тарихи шешім болып табылады. Президент Түркістанның дамуына ерекше көңіл бөледі. Тек бірінші кезеңде мемлекет ғимараттар, құрылыстар мен инфрақұрылымдарды салуға 2 млрд. доллар бөлу жоспарланған. Түркістан құрылысы мен цифрландыру саласындағы ең озық технологияларды ескере отырып салынады. Болашақтың қауіпсіз және «ақылды» қаласы болады. Аймақтың үлкен болашағын ескере отырып, отандық және түрік фирмалары 5 жұлдызды қонақ үйлерді, сауда-ойын-сауық және фитнес-орталықтарын дамытуға 100 млн. доллардан аса қаражатты қалаға инвестициялауға шешім қабылдады. Аймағымызды дамытуға бағытталған кез келген жобаларды толықтай қолдайтынымызды атап өткім келеді», - деді Түймебаев.

0
0
332

Осы тақырып бойынша

Шетелдік инвесторлар Түркістан аймағының жобаларына қатысуға дайын - Yvision.kz