Шетелдік журналистер мен блогерлер Қазақстанның мәдениетімен танысуда
ҚР Сыртқы істер министрлігі елбасының бастамасымен шет елдік баспасөз өкілдеріне осындай тур ұйымдастырды.
Баспасөз туры АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания, Қытай және Египет елдерінен келген мәдениет пен өнер саласындағы 15 журналист пен блогерді қамтиды.
Экскурсияға қатысушылармен кездесу барысында Сыртқы істер министрі елбасының рухани сананы жаңғырту бағдарламасы туралы әңгімелеп берді. Бұл жоба қазақ мәдениетінің басқа елдерде сапалы әрі белсенді таралуын, танылуын қамтиды. Ол шетелдік журналистерге еліміздің мәдени әртүрлілігіне және еліміздің бүгінгі дамуына деген қызығушылығына ризашылығын білдірді.
Елордада шет елдік БАҚ өкілдері мешіт-мұражайларда, театрларда болды. Мемлекеттік маңыздағы бағдарламалармен танысты.
Маңғыстау облысында қонақтарға Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шерқала тауы және этнауыл, жерасты мешіттері ұсынылады. Алматыда қонақтар Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына барады. ЮНЕСКО-ның өкілдік тізіміндегі, дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығын тамашалайды, Қазақтың қолөнер шеберханасы және басқа да іс-шараларды қоса алғанда, қонақтар қазақ халқының рухани мәдени мұрасымен танысады.
«Әлемдегі қазақстандық мәдениет» жобасының аясында өткізіліп отырған бұл тур, елімізде туризмнің дамуына өз үлесін қосуы тиіс.
Ақпарат көзі
